Malim.kz
Әлем

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Malim Админ

Стамбұлда Ресей-Украина келіссөзі басталды, - деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org-ке сілтеме жасап.  Келіссөздің басында Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан сөйледі.

Екі жол бар: бірі бейбітшілікке жетелейді, екіншісі бұдан да ірі зардаптарға соқтырады. Тараптар қай жолды таңдауды өздері шешеді,- деді ол. 

 Бұған дейін Түркия жағының кіріспе сөзден кейін келіссөзден шығып кететіні хабарланған. 

Келіссөз өтпей тұрып, ресейлік делегацияның жетекшісі Владимир Мединский АҚШ өкілдерімен кездескен. BBC-дің жазуынша, ол АҚШ-тың саясатты жоспарлау жөніндегі директоры Майкл Антонмен тілдескен. Олардың не жөнінде әңгімелескені әзірге белгісіз.

Фото: ВВС


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары