Malim.kz
Сұқбат

Түркиядағы жол апатынан екінші адам қаза болды

• Malim Админ

«Кеше түнде тағы бір азаматымыз Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматтың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілген еді.

«Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, алтауы елге оралды қалған төртеуі дәрігерлердің бақылауында өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ»,- деп мәлімдеген.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары