Malim.kz
Экология

Түрксіб ауданы Алматыдағы "ең жасыл" аудандардың бірі болып қала бермек

Ереке Базарқұл
© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

Түрксіб ауданы Алматыдағы ең көгалданған ауданның бірі болып қала бермек. ӨКҚ брифингінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров осылай деді.

Ауданда 772,5 мыңнан астам ағаш, 63 жасыл аймақ бар, оның ішінде 5 парк, Баум тоғайы мен 15 алаңқай орналасқан.

© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

2025 жылы көгалдандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

Бұларға қоса, Майлин, Бұқтырма, Құлжа тас жолы, Сүйінбай мен Сейфуллин көшесінің бос аймақтарын абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Бұл жерлерге бұта егіліп,  автосуару жүйесі орнатылды.

© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

2026 жылға арналған жоспарда келесідей жұмыстар көзделіпті:

Бұл жұмыстар ауданның жасыл-желегін сақтап, дамытуға, Түрксіб ауданының тұрғындарына жайлы да таза қалалық орта құруға бағытталған.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары