Malim.kz
Әлем

Түрмеде отырған Николас Мадуро немерелеріне сәлем жолдады

Мадияр Қапанбек
Николас Мадуро. Фото: ашық дереккөзден

Нью-Йорктегі түрмеде отырған Николас Мадуро өзінің Telegram-арнасында жаңа суреттерін жариялап, отбасы мен немерелеріне арнап хабарлама қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мадуро жазбасында немерелеріне және өзін қолдайтын жақындарына сәлем жолдап, рухы түспегенін жеткізген.

"Немерелеріме, кішкентай ұл мен қыздарға, бізді жақсы көретін барша мейірімді ұлдарға осы суретті сыйлық ретінде жариялап отырмын. Біз әлі де аяғымыз нық тұрмыз, жүрегіміз махаббатқа толы", – деп жазды ол.

CBS News мәліметінше, фотосуреттер жексенбі күні жарияланған. Бейнебақылау камераларындағы деректерге сәйкес, суреттер 25 маусымда түсірілген.

Материалда сол кезеңде Венесуэлада алапат жер сілкінісі болып, 6500-ден астам адамның қаза тапқаны да айтылады. Мадуро жазбасының соңында Венесуэланың болашағына сенетінін жеткізген.

"Біз мықты, сабырлы әрі сенімді боламыз. Құдай бізбен бірге. Құдай бізге қамқор болады. Венесуэла қайта жаңғырады", – деп жазды Николас Мадуро.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары