Malim.kz
Әлем

Түрмеде отырған Николас Мадуро Венесуэла халқына үндеу жасады

Айбын Атабай
Российская Газета

Венесуэла президенті Николас Мадуро 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ел тұрғындарына ерекше үндеу жолдады. Айта кетейік, ол АҚШ-тағы түрмеде отыр, - деп хабарлайды Malim.kz rambler.ua сайтына сілтеп.

Саясаткердің ұлы Николас Мадуро Герра әкесінің жолдауын әлеуметтік желіде жариялады. Онда Мадуро отандастарын "тауды да қозғай алатын" сенімін жоғалтпауға шақырып, ел барлық қиындықты еңсеретініне уәде берген.

"Иса бізге былай үйреткен: егер сендер сенімге ие болып, күмәнданбасаңдар, тіпті тауға да "көтеріліп, теңізге құла" деп айтсаңдар, солай болады. Бізге кейде жолымызды бөгейтін қиындық тауын қозғап, оларды отанымыз үшін еркін жолға айналдыратын шынайы әрі ортақ сенім бер", - деп әкесінің сөзін Мадуро Герра жеткізді.

Мадуро өзіне тән қолтаңбасын қалдырған. Түрмеден жолданған бұл хат оның АҚШ-та қамауға алынғаннан кейін халыққа жасаған алғашқы үндеулерінің бірі болды.

Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ Боливар Республикасының басшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те шығарылды.

5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдында есірткі саудасына қатысы бар деген айып бойынша жауап берді. Мадуро мен оның жұбайы өз кінәсін мойындамады.

Қазір Венесуэлада мемлекет басшысы міндетін бұрын вице-президент болған Делси Родригес атқарып отыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары