Malim.kz
Шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты концерт өткізбейтін болды

Malim Админ

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты 26 қазанда Өскеменде өтетін концертін кейінге қалдырды, - деп хабарлайды Malim.kz Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 


Кештің өтетін орны көрерменге лық толып, жұрт шамамен 40 минут бойы күткен. Алайда ұйымдастырушылар сахнаға шығып, концерттің бұл күні болмайтынын хабарлаған.

«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Қабатовтың сауығып, сахнаға тезірек оралуын тілеп, жылы пікірлер қалдырды.

Фото: aikyn.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары