Malim.kz
Шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова туралы айтқан әсерлі сөзі тарады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов жұбайы Мөлдір Мұқанова жайлы көпшілік біле бермейтін қызықты жайттарды бөлісті. Ол жарының мінезі мен отбасыдағы рөлін өзінше әзілмен сипаттап, желі қолданушыларын бір күлдірді, бір ойландырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзілкештің айтуынша, Мөлдір – үйдің шуағы мен тәртібін қатар ұстайтын жан.

"Мөлдір, яғни балаларымның мамасы – нағыз күн. Күн он екі сағат жылу берсе, Мөлдір тәулік бойы жарық шашып, бізді ысындырып жүреді. Тіпті кейде мейірімімен қатар кәдімгідей күйдіріп те жібереді", – деп қалжыңдады Тұрсынбек.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары