Malim.kz
Қоғам

ТЖМ ауа райына байланысты ескерту жасады

Айбын Атабай

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін өңірлер туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, еліміздің батыс өңірінен басқа аумақтарының басым бөлігінде боран болады. Ал тұман мен көктайғақ шығыс өңірінен басқа бағыттар бойынша көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін. Сондай-ақ оңтүстік және шығыс облыстарда секундына 15–20 метр екпінді жел тұрады. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары