Malim.kz
Қоғам

ТЖМ авиациясы 7 жастағы баланы шұғыл түрде Ақтөбеге жеткізді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Денсаулық жағдайының күрт нашарлауына байланысты 7 жастағы баланы Хромтау қаласынан Ақтөбеге жедел жеткізу қажет болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмылдырылып, науқас арнайы рейспен облыс орталығына тасымалданды.

ТЖМ экипажы мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында жас пациент емдеу мекемесіне дер кезінде жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары