Шұғыл жағдайда көмекке «Қазавиақұтқару» АҚ құтқарушылары келді, деп хабарлайды Malim.kz.
ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.
Сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Данияр Мырзахметов пен Елдос Бақтыбайдың үйлесімді жұмысының арқасында бала анасымен бірге қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.
Фото: ТЖМ