Malim.kz
Қоғам

ТЖМ тікұшағы науқасты Атырауға шұғыл жеткізді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Қазақстан ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқасты эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

1967 жылы туған ер адам ТЖМ тікұшағымен Атырау облысы Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылынан Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында науқас мамандандырылған медициналық мекемеге дер кезінде жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, ведомство авиациясы шалғай елді мекендерден науқастарды жедел тасымалдауды қамтамасыз етіп келеді. Мұндай жағдайда әрбір минуттың маңызы ерекше.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары