Malim.kz
Қоғам

"Уақыт келді": Актер Алмат Сақатов депутат болуға қатысты жеке ойын білдірді (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Танымал актер әрі әзілкеш Алмат Сақатов депутат болуға қатысты пікірін білдірді. Өнер иесі бұл қызметке кез келген адамның бара бермеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында оқырмандарынан жиі түсетін сауалға жауап берген. Оның айтуынша, желі қолданушылары әртістердің депутаттыққа кандидат болып жатқанын алға тартып, өзінен де саясатқа неге бармайтынын сұрайды.

"Маған "Сіз неге депутат болмайсыз, әртістер болып жатыр ғой" деп жазып жатыр. Мен неге болуым керек?! Депутат деген дана, ақылды, Ата заңын жатқа білетін, халықтың әл-ауқатына не керек, не керек емес екенін білетін, елге жаны ашитын, отанына деген патриотизм жүрегінде жанып тұратын адам болу керек. Менде соның бір қасиеті болса, басқа қасиеті жоқ. Өйткені, расында да мен заңды жақсы білмеймін. Елдің әл-ауқатын білгенмен, оны қалай түзеуді білмеймін. Әрине, үйре де жирен дейді. Құдайберген ағамыз депутат болған кезде "Отырған депутаттардың бәрі әртіс, ішіндегі кәсіби әртіс мен ғана" деген еді. Ортасына барып, мен де кәсіби әртіс болып отырғым келмейді. Депутатттыққа сайланамын деген азаматтарға елді ойлайтын, елдің жағдайын жасайтын, сол үшін күресетін, бәрін қойып, жүрегіңді жұлып, елдің ортасына тастайтын уақыт келді", – дейді ол.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары