Malim.kz
Әлем

Үйленгендеріне 20 жылдан асқан ерлі-зайыптылар ағалы-қарындас болып шықты

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Бразилияда шамамен 20 жылға жуық бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты күтпеген шындықты біліп, қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Mirror басылымының мәліметінше, Адриана мен Леандро бір қыз тәрбиелеп отыр. Екеуі де сәби кезінде аналары тарапынан тастап кеткенін білген соң, өмір бойы туған аналарын табуға талпынып келген. Бір күні Адриана теледидардағы Уақыт келді бағдарламасына қатысып, көмек сұраған.

Бағдарлама барысында бір әйел байланысқа шығып, өзінің Леандро есімді ұлы бар екенін айтқан. Осылайша, Адриана мен Леандроның бір ананың балалары – туған бауырлар екені анықталған.

Соған қарамастан, Адриана бұл жағдай олардың қарым-қатынасына нүкте қоймайтынын мәлімдеді.

"Әрине, егер бұл шындықты ертерек білгенде, бәрі басқаша болар еді. Бірақ біз ол кезде білмедік, бір-бірімізді шын сүйіп қалдық. Алдымызда үлкен жоспарлар бар, бізді ештеңе ажырата алмайды", – деді ол.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары