Malim.kz
Қоғам

Үкімет АЭС салатын орынды бекітті

• Malim Админ

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inform.kz cайтына сілтеме жасап Malim.kz.

Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, - делінген қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.

Өткен жылдың 6 қазанында Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыхалықтың рефендум өткен болатын. 70 пайыздан астам халық АЭС салуды қолдап дауыс берген.

Фото: Globalenergyprize.org 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары