Malim.kz
Саясат

Үкімет аппаратының штаты кеңейтілді

Malim Админ

Үкімет Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мәселелері бойынша 2024 жылғы 14 маусымдағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Түзетулермен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені ескере отырып, Үкімет аппаратының штат санының лимиті 589-дан 593-ке дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің штат саны 332-ден 336-ға дейін кеңейтілді.

Қаулы 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары