Украина президенті Владимир Зеленский 5 мамырдан 6 мамырға қараған түнде басталуы тиіс «тыныштық режимін» жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Украина президенті әлеуметтік желіде былай деп жазды:
Бүгінгі күнге дейін Украинаға Ресейдің әлеуметтік желілерінде айтылып жүрген ұрыс қимылдарын тоқтату шарттарына қатысты бірде-бір ресми өтініш түскен жоқ. Біз адам өмірі қандай да бір мерейтойды «тойлаудан» әлдеқайда жоғары құндылық деп санаймыз. Осыған байланысты 5 мамырдан 6 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап тыныштық режимін жариялаймыз. Осы уақытқа дейін шынайы түрде тыныштық орнатуға мүмкіндік бар. Белгіленген сәттен бастап айна-қатесіз жауап береміз.
Зеленский жазбасында уақыт белдеуін нақтылаған жоқ. Бұл мәлімдеме Ресей Қорғаныс министрлігі 8-9 мамыр күндеріне арналған, Жеңіс күні қарсаңында жарияланған біржақты «бітімнен» кейін болды.
Егер Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі парадты Украина тарапынан ізгі ниетсіз өткізе алмаймыз деп санаса, онда Ресей басшылығы өздері бастаған соғысты аяқтау үшін нақты қадамдар жасайтын уақыт келді, — деп қосты Зеленский.