Украина Ресейдің төрт жылға жуық созылған басып кіруін тоқтату үшін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі делдал болған “бейбіт келісімге” келісті, деп хабарлайды Malim.kz CBS News телеарнасына сілтеме жасап.
Оның және Украина президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Рустем Умеровтың айтуынша, “реттелуі қажет кейбір болмашы жайттар қалған”.
“Украиндар бейбіт келісімге келісті. Реттелуі тиіс кейбір ұсақ-түйек мәселелер бар, бірақ олар бейбіт келісімге келісімін берді”, — деді америкалық шенеунік.
Сонымен қатар Киевтің АҚШ-тың бейбіт бастамасының негізгі тармақтарымен келіскенін Reuters те дереккөздеріне сүйеніп хабарлайды.