Malim.kz
Әлем

Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалдырылды

Арман Қайыпхан
Фото: Metin Aktas/AA/picture alliance

Украина, Ресей және АҚШ өкілдері арасындағы Украиндағы соғысты аяқтауға қатысты кезекті үшжақты келіссөздер 4–5 ақпан күндеріне ауыстырылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, келіссөздер бастапқыда жексенбі, 1 ақпанда өтуі тиіс болған, алайда кейінге шегерілген.

«Келесі үшжақты кездесулердің күндері бекітілді: 4 және 5 ақпан, Абу-Даби қаласында», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Украина президенті елінің мазмұнды әрі нәтижелі талқылауға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ ол келіссөздер «соғыстың нақты әрі әділ аяқталуына жақындатады» деген үміт білдірді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары