Malim.kz
Әлем

Украина әскері Покровск қаласының солтүстігін бақылауда ұстап отыр

Арман Қайыпхан
Фото: t.me/GeneralStaffZSU

Украина бөлімшелері Покровск қаласының солтүстік бөлігін бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы Қарулы күштердің бас қолбасшысы Александр Сырский мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірнеше күн бұрын ресейлік әскери қызметшілер Донецк облысындағы стратегиялық маңызды қаланы Ресей армиясы бақылауға алғанын Владимир Путинмен өткізген жиында айтқан болатын.

«Покровск және Мирноград аймақтарында қарсыластың шабуылға арналған жаяу әскер топтарын жинап, осы елді мекендерді айналып өту әрекеттерін белсенді әрекеттер арқылы тоқтатудамыз. Қалалардың өзінде біздің жауынгерлеріміз белгілі бір аудандарды бақылауда ұстауды жалғастырып жатыр», — деді Сырский.

Оның сөзінше, командирлермен өткен жиында ол «іздестіру-шабуыл әрекеттерін жүргізетін бөлімшелерді уақытылы алмастыру» мәселелерін нақтылаған.

«Осы контексте қосымша логистикалық жолдарды ұйымдастыру, медициналық эвакуацияны уақытылы жүргізу, сондай-ақ қарсы батареямен күрес жүргізу мен дұшпанның дрондарына қарсы іс-шаралар ерекше рөл атқарады», — делінген мәлімдемеде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары