Malim.kz
Әлем

Украина делегациясы Ресеймен бейбіт келіссөздер үшін АҚШ-қа келді

Арман Қайыпхан
Фото: flag.ua

Украина делегациясының құрамына, өзге де өкілдермен қатар, президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров кірді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Келіссөздер Ресейдің Украина инфрақұрылымына соққыларын күшейткен тұста өтпек.

Сенбі, 17 қаңтар күні Украина делегациясы АҚШ-қа Ресей бастаған соғысты тоқтату жөнінде америкалық делдалдармен жаңа келіссөздер раундын өткізу үшін келді. Делегация құрамында Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, сондай-ақ «Халық қызметшісі» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Давид Арахамия бар.

АҚШ пен Украина арасындағы соғысты аяқтаудың ықтимал жолдары жөніндегі келіссөздер сол күні Майами қаласында жалғасады. Украина тарапының мәліметінше, негізгі назар қауіпсіздік кепілдіктері мен Украинаның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы мәселелеріне аударылады.

Вашингтонның делдалдық әрекеттері бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Алайда Украинаның НАТО-ға ықтимал мүшелігі мен Ресейдің аумақтық талаптары секілді түйінді мәселелер бойынша Мәскеу мен Киевтің ұстанымдары әлі де айтарлықтай алшақ. Ресей тарапы барынша қатаң талаптарды алға тартып отыр, ал Киев оларды Украинаның капитуляциясына тең деп бағалайды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский-ді бейбіт келіссөздерді созбалаңға салды деп тағы да айыптаған еді. Зеленский болса, өз кезегінде, Мәскеуге қысымды күшейтуге бірнеше рет шақырды. Сондай-ақ ол Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі АҚШ-пен екіжақты құжаттың жалпы алғанда жоғары деңгейде түпкілікті бекітуге дайын екенін мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары