Malim.kz
Әлем

Украина дрондары Ресейдің Волгоград қаласына жетті

Арман Қайыпхан
Фото: picture alliance/GES-Sportfoto

Шабуыл кезінде үш адам жарақат алған, жергілікті биліктің мәліметінше, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ведомствоның хабарлауынша, түн ішінде Волгоград облысы аумағында 17 ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) атып түсірілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Украиналық Telegram-арналар Волгоградқа жасалған шабуылдың ықтимал нысанасы «Лукойл-Волгограднефтепереработка» мұнай өңдеу зауыты болуы мүмкін екенін жазады. Бұл — Ресейдің Оңтүстік федералдық округіндегі ең ірі мұнай өнімдері өндірушісі. РФ Украинаға толық масштабты басып кіруді бастағаннан бері бұл зауыт бірнеше рет дрон шабуылына ұшырап, зақымданған.

16 қарашаға қараған түні дрондардың шабуылы көршілес Ростов облысында да тіркелді. Аймақ басшысы Юрий Слюсарьдың айтуынша, бірнеше ауданда БПЛА атып түсірілген, зардап шеккендер жоқ. «Жердегі зақымдану» туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

РФ Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін 57 ұшақ үлгісіндегі украиндық дрон жойылған немесе ұсталып қалған. Осыған байланысты Қазан мен Нижний Новгородтағы әуежайлар уақытша жабылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары