6 желтоқсанға қараған түні украин әскерінің дрондары Рязань қаласындағы «Роснефть» мұнай өңдеу зауытын тағы да атқылады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл – ай ішінде үшінші, ал жыл басынан бері тоғызыншы шабуыл.
Зауыттың жобалық қуаты жылына 17,1 млн тонна мұнайды құрайды және Ресейдегі ең ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Мониторинг арналарының мәліметінше, соққы нәтижесінде зауыттың негізгі қондырғыларының бірі – төмен температуралы изомеризацияға арналған Изомалк-2-ЛИН-800 қондырғысы істен шыққан.
Облыс губернаторы Павел Малков зауыт аумағына «дронның бөлшектері құлағанын» мәлімдеп, зардап шеккендер жоқ екенін және материалдық шығын көлемі анықталып жатқанын айтты.