6 шілдеге қараған түні Украина күштері Ресейдің Ярославль қаласындағы «Славнефть ЯНОС» мұнай өңдеу зауытына дрондармен шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраевтың айтуынша, Ярославльге бағытталған жаппай дрон шабуылы кезінде 70-тен астам ұшқышсыз аппарат атып түсірілген. Сынықтардан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында Ярославльден Мәскеу бағытына шығатын жол уақытша жабылды.
«Славнефть ЯНОС» – жылына шамамен 15 миллион тонна мұнай өңдейтін және Ресейдегі ең ірі бес мұнай өңдеу зауытының бірі саналады. Кәсіпорын бұған дейін де мамыр айында бірнеше рет дрон шабуылына ұшыраған.
Сонымен қатар, аннексияланған Қырымда электр энергиясының жаппай өшуі тіркелгені хабарланды. Оның нақты себептері әзірге ресми түрде нақтыланбады.