Украина мен Ресей үш күндік бітім мен тұтқын алмасуды растады, деп хабарлайды Malim.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде «9, 10 және 11 мамыр күндері тыныштық режимі болуы тиіс» деп жазып, тұтқындар алмасу жөніндегі келісімді растады.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бастаманың «ресейлік тарап үшін қолайлы екенін» мәлімдеп, сондай-ақ 1000-ға 1000 формуласы бойынша тұтқын алмасу болатынын хабарлады.