Владимир Зеленский Украина Президенті кеңсесінің басшысы қызметіне Бас барлау басқармасының жетекшісі Кирилл Будановты тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
2025 жылдың қараша айының соңына дейін бұл қызметті Андрей Ермак атқарған. Ол барлық украин атом электр стансаларының операторы саналатын «Энергоатом» компаниясына қатысты жемқорлық дауына байланысты отставкаға кеткен.
Кирилл Буданов Украина барлау қызметін 2020 жылдан бері басқарып келеді. Ол Украина тарихындағы ең ашық әрі көпшілікке танымал әскери барлау басшысы ретінде аталады.