Malim.kz
Әлем

Украина Қырымдағы газ нысанына жасалған соққы туралы хабарлады

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Украина Қарулы күштерінің Бас штабының мәліметінше, 26 шілдеге қараған түні аннексияланған Қырымдағы «Черноморнефтегаз» нысанына және соққы беретін дрондарды басқаруға арналған жерүсті ретрансляторына соққы жасалған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, «Черноморнефтегаз» нысандары табиғи газ бен мұнай өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ ретрансляторлар Ресейдің Украинаға қарсы қолданатын ұшқышсыз аппараттарын басқару қашықтығын, байланыс тұрақтылығын және басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Бас штаб Ресей әскері бақылауындағы Донбастағы Выселки елді мекені маңындағы автокөлік көпіріне соққы жасалғанын хабарлады. Украина тарапының мәліметінше, бұл көпір әскери логистика үшін пайдаланылған.

Сондай-ақ Луганск облысындағы Пурдовка ауданында орналасқан дрондар қоймасы мен қарсылас күштері шоғырланған аймаққа да соққы берілгені айтылды.

Өз кезегінде Ресей Қорғаныс министрлігі бір түн ішінде 133 украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратының жойылғанын мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары