Malim.kz
Әлем

Украина Ресейді ATACMS зымырандарымен атқылағанын мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Фото: sill-www.army.mil

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы АҚШ-тың ATACMS зымыран кешендері Ресей аумағындағы әскери нысандарға “сәтті қолданылғанын” хабарлады. Нақты қандай нысанаға соққы жасалғаны айтылмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл уақытта бірқатар украиналық мониторингтік және ресейлік соғыс жақтаушы Telegram-арналары дәл осы күні Воронежге баллистикалық зымырандармен соққы жасалғанын жазды. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев қала үстінде бірнеше әуе нысанасының “жойылғанын” мәлімдеді.

РФ Қорғаныс министрлігі Украина Бас штабының мәлімдемесіне қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары