Malim.kz
Әлем

Украина Ресейдің екі облысындағы электр нысандарына шабуыл жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Efrem Lukatsky/AP Photo/picture allianc

8 қарашаға қараған түні украиналық дрондар Ресейдің Волгоград және Вологда облыстарындағы энергетикалық станцияларға соққы берді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Волгоград облысында бірнеше елді мекен жарықсыз қалды.

Вологда облысында қуаты 3 гигавольт-ампер болатын «Белозерская» подстанциясы зақымданған. Ол өңірдің ең ірі энергия орталығы болып саналады және Вологда мен Череповец қалаларының, сондай-ақ көрші өнеркәсіп аймақтарының электрмен қамтылуын қамтамасыз етеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары