Malim.kz
Әлем

Украина Ресейдің «көлеңкелі флотының» 91 танкеріне қарсы санкция енгізді

Айбын Атабай
Damien Meyer/AFP

Владимир Зеленскийдің жарлығымен Украина 91 теңіз кемесіне қарсы санкция енгізді, олар Ресейдің «көлеңкелі флотына» жатады, деп хабарлады президенттің ресми сайты.

«Ресей бұл кемелерді ресейлік порттардан, соның ішінде Новороссийск, Усть-Луга және Приморск порттарынан үшінші елдерге мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланған. Бұл Еуроодақтың, G7 және басқа елдердің санкцияларын айналып өту арқылы жүзеге асырылған. Мұны Қара, Қызыл және Балтық теңіздеріндегі мониторинг нәтижелері дәлелдейді», — деп мәлімдеді Украина президенті кеңсесі.

Санкцияға іліккен кемелер шамамен 20 елдің туы астында жүреді, олардың тек біреуі ғана Ресей туы, ал қалғандары Панама, Либерия, Камерун, Барбадос, Маршалл аралдары, Гонконг, Сьерра-Леоне және басқа елдердің тулары.

Украинаның тізіміндегі 27 кеме бұған дейін АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және Швейцария санкцияларына іліккенін Зеленский кеңсесінде атап өтті. «Көлеңкелі флоттың танкерлері мұнайға салынған санкцияларды айналып өтудің негізгі құралы болып табылады, сондықтан оларды анықтау және оларға қарсы санкция енгізу жедел әрі еш ерекшеліксіз жүзеге асырылуы тиіс», — деді Зеленскийдің санкциялық саясат жөніндегі уәкілі Владислав Власюк.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары