Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, украин әскери күштері Ресейдің мұнай тасымалдайтын «көлеңкелі флотына» тиесілі екі танкерге соққы берген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл кемелер Ресей мұнайын тасымалдау үшін белсенді пайдаланылған және шабуыл Новороссийск порты маңында, Краснодар өлкесі аумағында болған. Зеленский операциядан видеожазба да жариялаған, онда теңіз дронының танкерге жақындап келе жатқаны көрінеді.
Президент операцияны Украина Қарулы күштері Бас штабының басшысы, сондай-ақ СБУ мен Әскери-теңіз күштерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі деп атады.
Алайда Зеленский нақты қашан соққы жасалғанын және кемелердің қаншалықты зақымданғанын нақтыламады.