Malim.kz
Әлем

Украина Сызрань және Кубаньдағы мұнай өңдеу зауыттарына дронмен шабуыл жасады

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Украиналық дрондар 8 тамызға қараған түні Самара облысындағы Сызрань мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Шабуылдан кейін кәсіпорын аумағында өрт шыққан.

Жергілікті тұрғындар түн ортасынан кейін өнеркәсіптік аймақта бірнеше жарылыс болғанын хабарлаған. NASA FIRMS спутниктері де зауыт аумағында бірнеше өрт ошағын тіркеген.

Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне түнде украиналық дрондар шабуыл жасағанын растады. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар, Краснодар өлкесіндегі мұнай инфрақұрылымы нысандарына да дрон шабуылы болғаны хабарланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары