Malim.kz
Әлем

Украина Трамп ұсынған жоспардан бас тартса, АҚШ келіссөздерден шығады

Арман Қайыпхан

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің мәлімдеуінше, егер Киев пен Мәскеу Ақ үй ұсынған бейбіт жоспарды қабылдамаса, Вашингтон Украина бойынша бейбіт келіссөздерден шығады. Бұл туралы ол 23 сәуірде Үндістанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз Ресей мен Украинаға нақты ұсыныс жасадық. Енді олар келісуі керек. Егер келіспесе, АҚШ бұл үдерістен кетуге мәжбүр болады», – деді Вэнс.

Оның айтуынша, бейбіт келісімге келу үшін аумақтық жеңілдіктер қажет. Украина да, Ресей де қазіргі бақылауындағы кейбір территориялардан бас тартуға тиіс. Бұл ретте шекара қазіргі майдан шебіне сәйкес келмеуі мүмкін.

«Екі тарап та қаруын тастап, жағдайды қатырып, шын мәнінде жаңа әрі жақсы Ресей мен Украина құруға кірісуі керек», – деп келтіреді Вэнстің сөзін Bloomberg.

Axios, The Telegraph және CNN хабарлауынша, 17 сәуір күні Парижде украин делегациясына ұсынылған Трамптың құпия бейбіт жоспары Киевтен ауқымды аумақтық жеңілдіктер жасауды көздейді.

Құжатта мынадай шарттар бар:

Фото: IMAGO/MediaPunch

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары