Malim.kz
Әлем

Украина үкіметі толық құрамда отставкаға кетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Украина Жоғарғы радасы (парламенті) премьер-министр Юлия Свириденконың қызметінен кетуін қолдап дауыс берді. Бұл шешім ел Үкіметінің толық құрамының да отставкаға кетуін білдіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

12 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетін жаңартатынын және Юлия Свириденкоға жаңа қызмет ұсынылатынын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Украина саяси стратегиясын өзгертіп, әрбір басым сыртқы саясат бағытына мол тәжірибесі бар жеке тұлға жауапты болады.

13 шілдеде Юлия Свириденко қызметінен кету туралы өтінішін Жоғарғы радаға тапсырды. Оның отставкасын 450 депутаттың 258-і қолдап дауыс берді.

«Украинская правда» басылымының дерегінше, премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін Юлия Свириденкоға АҚШ-тағы Украина елшісі қызметі ұсынылған. Алайда ол бұл ұсынысқа әзірге келісім бермеген. Басылым дереккөздерінің мәліметінше, экс-премьер қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен кейінгі алдағы қадамын ойластырып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары