Malim.kz
Әлем

Украинада жаппай жарық өшірілді: Киев, Харьков және Полтавада жағдай күрделі

Арман Қайыпхан
Фото: Maxym Marusenko/NurPhoto/picture allianc

Ресей күштерінің «Центрэнерго» жылу электр станцияларына және өзге де энергия нысандарына жасаған шабуылынан кейін Украина қалаларында электр қуаты жаппай ажыратылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

«Укрэнерго» компаниясының 9 қарашадағы мәліметінше, жексенбі күні елдің көп аймағында жарық 8–16 сағатқа дейін өшіріледі.

Энергетикалық компания ДТЭК хабарлағандай, Киевте жарықтың өшу ұзақтығы тәулігіне 9,5-тен 13,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ең ұзақ үзілістер екінші кезектегі тұтынушыларға тиесілі – олар тәуліктің жартысынан астамын жарықсыз өткізбек.

Харьковта – жартылай блэкаут, Полтавада – жарық, су және жылу беруде іркілістер байқалады. Елдегі барлық «Центрэнерго» станциялары уақытша энергия өндірмей тұр.

Әлеуметтік желілерде қалалардағы қараңғыланған көшелер мен нысандардың видеолары тарауда. Көптеген дүкен мен дәріхана генераторлар мен баламалы қуат көздеріне қосылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары