Malim.kz
Әлем

Украинаға жасалған соққылар: бір тәулікте 2 адам қаза тауып, 17 адам жараланды

Арман Қайыпхан
Фото: Nina Liashonok/REUTERS

Жергілікті билік мәліметінше, 20–21 ақпан аралығында Ресей шабуылдары салдарынан Украинанің бес өңірінде екі полиция қызметкері қаза тауып, 17 адам жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап. 
Қаза тапқан полицейлер бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде көз жұмған.

Харьков облысында атқылаулар салдарынан 43 пен 70 жас аралығындағы бес адам зардап шекті. Сондай-ақ бір елді мекенде эвакуация барысында екі полиция қызметкері қаза тапқаны хабарланды.

Сумы облысында таңғы төрт шамасында қаладағы жеке секторға жасалған әуе соққысы салдарынан бес жастағы бала, 17 жастағы жасөспірім және 87 жастағы әйел жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Екі тұрғын үй толық қирап, кемінде он шақты көрші ғимарат зақымданған. Сонымен қатар өңірде дрон шабуылы кезінде азаматтық автокөлікке соққы тиіп, 18 жастағы қыз бен 52 жастағы ер адам жараланған, оларға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары