Malim.kz
Әлем

Украиналық дрондар Новороссийскідегі ірі мұнай базасына соққы жасады

Айбын Атабай
ua.depositphotos.com

Краснодар өлкесінің жедел штабының хабарлауынша, украин дрондарының соққысы салдарынан Новороссийск портындағы “Шесхарис” тиеу кешеніндегі мұнай қоймасы бүлінген, деп хабарлайды Malim.kz   Azattyq сайтына сілтеп. Төтенше жағдай қызметі де “жағалаудағы құрылымдардың” бүлінгенін хабарлады. 

Жедел штабтың хабарлауынша, Новороссийскіде дрон бөлшектері көп қабатты тұрғын үйлердің біріне құлап, бірнеше пәтердің әйнегі сынған. “Бір ер адам зардап шекті, ол ауруханаға жатқызылды” деп хабарлады жедел штаб. Дрон бөлшектері 16 қабаттық тағы бір тұрғын үй кешеніне құлап, екі пәтер бүлінген. 

“Шесхарис” кешені Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай өнімдерін тиейтін ең ірі шикізат құю кешендерінің бірі. Ол мұнай және мұнай өнімдерін экспортқа қабылдау, сақтау және жөнелту, сонымен бірге Краснодар өлкесіндегі мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу үшін қолданылады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары