Malim.kz
Әлем

Украиналық скелетоншыға соғыста қаза тапқан спортшылардың суреттері бар шлем киюге рұқсат берілмеді

Арман Қайыпхан
Фото: FRANCK FIFE / AFP via Getty Images

Жағдайға қатысты Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мәлімдема жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич жаттығулар кезінде соғыста қаза тапқан түрлі спортшылардың бейнесі салынған шлем киген. Олардың кейбірі – Гераскевичтің достары болған: боксшы Павел Ищенко, хоккейші Алексей Логинов және ауыр атлет Алина Перегудова.

Дүйсенбі күні спортшы ХОК өкілінен ресми жарыстарда бұл шлеммен өнер көрсетуге болмайтыны туралы ескерту алғанын айтты. Украина Ұлттық олимпиада комитеті ХОК-тан аталған шлемді «Украинаны қорғау кезінде қаза тапқан немесе Ресейдің Украинаға қарсы толық ауқымды соғысының құрбаны болған спортшыларды еске алу» мақсатында пайдалануға рұқсат беруді сұраған.

Алайда сейсенбі күні ХОК Олимпиада хартиясына сүйеніп, өтінішті кері қайтарды. Құжатта ойындар кезінде «саяси сипаттағы демонстрацияларға» тыйым салынатыны көрсетілген.

Ымыралы шешім ретінде ХОК ережеден ішінара жеңілдік жасап, Гераскевичке жарыс барысында қара түсті қарапайым қолтаңба (қара жолағы бар таңғыш) тағуға рұқсат беретінін мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары