Malim.kz
Оқиға

"Үлгілі әке еді": Зауыттағы жарылыста қаза тапқан жұмысшы туралы деректер

Айбын Атабай
әлеуметтік желі

Өскеменде зауыттағы жарылыста қаза тапқан жұмысшылардың бірі туралы деректер пайда болды. Марқұм болған – екі қыздың әкесі, 33 жастағы Олжас Рамазанов есімді металлург. Бұл туралы  Malim.kz  sib.fm порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алды. Барлық зардап шеккендерге қажет медициналық көмек көрсетілуде. Қазір өрт толық сөндірілген.

Қаза тапқандардың бірі – 1983 жылы туған Рамазанов Олжас Ниғдатұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы болған және кәсіпорында металлург болып жұмыс істеген.

Жақындары мен әріптестерінің айтуынша, Олжас жауапты қызметкер ғана емес, сонымен қатар қамқор, сүйікті әке болған. Ол екі қызымен жиі уақыт өткізіп, олардың тәрбиесі мен бос уақытына ерекше көңіл бөлген. Достары мен туыстары оны ұжымда сыйлы, мейірімді, әрдайым көмекке дайын адам ретінде сипаттады.

"Ол үлгілі әке болды. Жұмыстан кейін де қыздарына әрдайым уақыт табатын. Оның енді жоқ екеніне әлі де сене алмаймыз", – деді қаза тапқан адамның жақындары.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жарылыстың себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Қаза тапқан қызметкердің отбасына қажет материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні айтылды. Кәсіпорын әкімшілігі Рамазанов Олжас Ниғдатұлының туған-туыстарына көңіл айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде зауытта жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді. Компания қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары