Malim.kz
Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 діни радикалды ұстады

• Арман Қайыпхан

2025 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдарды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: ҰҚК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары