Malim.kz
Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа қызметі алғашқы жемқорын ұстады

Арман Қайыпхан

Ақмола облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын ұстады. Ол пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Фото: ҰҚК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары