Malim.kz
Әлем

Ұлыбритания: жаңа премьер-министр қызметіне кірісті

Айгүл Таңатар
err.ee

Ұлыбританияда саяси билік ауысып, Энди Бернэм премьер-министр қызметіне ресми кірісті. Ол алғашқы күннен-ақ үкімет құрамын қайта жасақтап, бұрынғы премьердің жақтастарының бір бөлігін қызметінен босатты. Сонымен қатар елдің алдағы он жылдық даму жоспарын әзірлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жаңа премьердің басты міндеті - халықтың тұрмыс құнын төмендету, тұрғын үй мәселесін шешу және экономиканы ынталандыру. Сарапшылар мұны Ұлыбританияның соңғы жылдардағы ең маңызды саяси бетбұрыстарының бірі деп бағалап отыр.
Қызметіне кірісе сала Бернэм АҚШ президенті Дональд Трамппен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық саясаттағы ұстанымын да аңғартты.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары