Malim.kz
Қоғам

"Ұлым үшін кештім": Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
instagram/moldir.auyelbekova. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, оқырмандарына жүрекжарды жаңалығын жеткізді. Өнер иесі ұлының әкесі өзімен хабарласып, өткендегі жағдайлар үшін кешірім сұрағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, арада ұзақ жылдар өткеннен кейін бұрынғы жары байланысқа шығып, балаға әкелік қамқорлық көрсетуге дайын екенін жеткізген. Ол сондай-ақ баланың барлық шығындарын өз мойнына алатынын да айтқан.

"Махаббат... Бүгін Салтайдың әкесі хабарласты... Өткен-кеткенге кешірім сұрады... Балаға әке болып, қамқор боламын деді... Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтты... Кештім... Алла үшін... Ұлым үшін... 10 жылға созылған ренішім сейілгендей... Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім – сіздерге рақмет", – деп жазды әнші.

Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оған қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды. Жанкүйерлер әншіге сабыр тілеп, отбасылық мәселеде дұрыс шешім қабылдағанын айтып жатыр.

Мөлдір Әуелбекова туралы қысқаша мәлімет

Мөлдір Әуелбекова – қазақстандық танымал әнші, актриса және тележүргізуші. Ол 1986 жылдың 10 тамызында Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Өнер иесі көпшілікке "КешYou" тобының құрамында өнер көрсетуі арқылы кеңінен танылды. Кейін жеке шығармашылық жолын бастап, қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші ретінде қалыптасты.

2004 жылы "SuperStar.kz" жобасына қатысып, көпшілікке танылды. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, кәсіби өнер жолын жалғастырды. Студенттік жылдары "Саф" тобына қабылданып, кейін бұл ұжым "КешYou" атауымен танымал болды. Топ құрамында өнер көрсеткен жылдары халықаралық "Шығыс базары" ән байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

2012 жылдан бастап Мөлдір Әуелбекова жеке шығармашылыққа бет бұрып, бірнеше әндер шығарды. Оның репертуарында "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" сияқты танымал әндер бар. Сонымен қатар ол "Ғашық жүрек" және "Ғашық жүрек-2" фильмдерінде басты рөлдердің бірін сомдады. 2018 жылы өнер мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары