Malim.kz
Қоғам

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

Сұлу Бөлек

Ұлытау облысында тыл ардагерлері мен кәмелет жасына жетпей тұтқында болған азаматтарға төлем беріледі, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Төлем сомасы 200 мың теңге болады, ол бір рет беріледі.

Сондай-ақ соғыс уақытында азаматынан айырылған аналарға 100 мың теңгеден төленеді.

Қазір Ұлытау облысында 369 тыл ардагері тұрады. Бұл қаражаттар сәуірдің аяғына дейін тұлғалардың жеке есепшоттарына түседі.

Фото: Pixabay.com 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары