Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жұмысы арнайы бекітілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес ұйымдастырылып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бүгінде облыстың барлық өңірлерінде өнім берушілермен келісімшарттар жасалып, жоспарға сай жұмыстар басталды. «Жасыл ел – 2025» еңбек маусымына Ұлытау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 700-дей жас тартылмақ. Оның ішінде:
• Жезқазған қаласынан – 150 жас,
• Сәтбаев қаласынан – 150 жас,
• Қаражал қаласынан – 165 жас,
• Ұлытау ауданынан – 150 жас,
• Жаңаарқа ауданынан – 70 жас қатысады деп жоспарланып жатыр.
Бағдарлама аясында әлеуметтік жағынан осал топтағы жастарға басымдық беріледі.
Бағдарламаға қатысушы жастар қала мен аудандарда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысады. Сонымен қатар түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға белсенді қатысатын болады.
• 14-16 жас аралығы – 4 сағат,
• 16-18 жас аралығы – 6 сағат,
• 18 жастан жоғары – 8 сағат.
Үзіліс уақыты – сағат 13:00-тен 14:30-ға дейін, ал сенбі мен жексенбі – демалыс күндері болып бекітілген.
«Жасыл ел» бағдарламасы – жастардың еңбекке араласуына, табиғатты қорғауға және туған өлкесін көркейтуге бағытталған маңызды бастама.
Фото: Ұлытау облысы ұсынған материал