Malim.kz
Қоғам

Ұлытау облысында жоғалған ер адам табылып, ТЖМ тікұшағымен жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Ұлытау облысында мотоциклмен жылқы жаюға кетіп, үйіне оралмаған 1977 жылы туған ер адам табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іздеу-құтқару жұмыстарына құтқарушылар, жергілікті тұрғындар, жоғары өтімді техника және дрондар жұмылдырылды. Ер адам Кызылжар ауылынан шамамен 105 шақырым жерде табылған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жіберіліп, құрамында «Апат медицинасы орталығының» дәрігерлері мен құтқарушылары бар топ зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті.

Ол Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары