Malim.kz
Қоғам

Ұлытауда «Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

13 маусым күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында «Көкмайса – даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауқымды шара қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған.

Фестиваль аясында қонақтарға этноауылдар таныстырылып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеледі. Сонымен қатар қымызмұрындық рәсімі өткізіліп, ұлттық спорт ойындары мен қолөнер көрмелері ұсынылады.

Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – 500 бие сауылатын тарихи көрініс. Сондай-ақ фестиваль барысында танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көкмайса» фестивалі – қазақ даласының рухын сезіндіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын ерекше мәдени алаң.

Іс-шара 13 маусым күні сағат 10:00-де басталады. Фестивальге Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары