Malim.kz
Экология

Үміт жолбарысы қазір қайда жүр?

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

31 шілдеде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт атты жолбарыс жаңа ортаға бейімделіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандар оның жағдайын GPS-мониторинг, фототұзақтар және далалық бақылау арқылы қадағалауда.

Экология министрлігінің мәліметінше, Үміт тоғайлы аумақтарды, су маңындағы жерлерді және жабайы жануарлар мекендейтін учаскелерді зерттеп жүр.

Ал Амур есімді аталық жолбарыс әзірге мамандардың бақылауында. Қазір оның мінез-құлқына қатысты сынақтар жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижесіне қарай мамандар оны табиғи ортаға қашан жіберу керектігін шешеді.

Екі жолбарыс күшігі арнайы жабдықталған вольерлерде өсіп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары