Air India әуе компаниясының ұшағы Батыс Үндістандағы Ахмадабад қаласының әуежайынан ұшқан сәтте апатқа ұшырады. Бортта 242 адам болған, олардың барлығы қаза тапқан болуы ықтимал, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Аман қалғандар жоқ секілді. Ұшақ тұрғын үйлер мен кеңселер орналасқан ауданға құлағандықтан, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін, – деп мәлімдеді AFP агенттігіне қала полициясының комиссары Г.С. Малик.
Барлық Үндістан медициналық қауымдастықтарының федерациясы (FAIMA) ұшақ жергілікті дәрігерлер мен медицина студенттері тұратын жатақханаға құлағанын нақтылады. Апат салдарынан 50-60 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
FAIMA дерегінше, жараланғандардың кемінде екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бес студент пен бірнеше дәрігердің туыстары әзірге із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Фото: Central Industrial Security Force/Facebook