Malim.kz
Әлем

Университетте атыс болып, екі адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Kimberlee Kruesi/AP Photo/picture alliance

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде болған атыс салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Университет әкімшілігінің мәліметінше, атушы немесе атушылар әлі ұсталған жоқ. Құқық қорғау органдары мен АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФБР) күдіктілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқу орны студенттерді орнында қалып, есіктерді жауып, кампус аумағында қозғалыс жасамауға шақырды.

Полиция оқиға орнына жақындамауға кеңес берді

Қаза тапқандар мен жараланғандардың жеке басы анықталып жатыр. Атыс университеттің инженерлік мектебі орналасқан Barus & Holley ғимаратында болған. Полиция тұрғындар мен студенттерге оқиға орнына жақындамауды ескертті.

Оқиға кезінде аталған ғимаратта болған студенттер мен университет қауымдастығының мүшелеріне құқық қорғау органдарымен байланысу тапсырылды. Куәгерлердің айтуынша, хабар түскен соң көптеген студенттер аудиторияларда үстелдер мен жиһаздардың артына тығылған.

Айта кетейік, Barus & Holley ғимаратында сол күні жергілікті уақытпен 14:00–17:00 аралығында бірнеше емтихан жоспарланған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары