«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық істің басталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) растады, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Аталған факт бойынша ҰҚК алдын ала тергеу жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Агенттік дереккөзіне сүйенсек, ол екі жарым миллиард теңге (Т2,2 млрд) көлеміндегі пара және қаржы жымқыру ісі бойынша өтіп жатыр.
Айдос Есполов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жұбайы Асель Құрманбаеваның туған ағасы ретінде белгілі.